Қазақстан • 22 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында жолаушылар пойызының жұмысы жанданды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Жолаушылар тасымалы" АҚ елімізде бірқатар жолаушылар пойызының қайтадан жолға шығатындығын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында жолаушылар пойызының жұмысы жанданды

Компания мәліметінше, № 4/3 "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы 2020 жылдың 25, 27, 29 тамыз және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйекте "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол" вокзалынан жөнелтіліп, 26, 28, 30 тамыз және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйекте Алматыға жетеді және сол күндері кері бағытта жолға шығады.

Ал "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" вокзалына 27, 29, 31 тамыз және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйекте келеді. Сонымен қатар № 68/67 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол - Өскемен-1" бағытындағы пойыз 26, 30 тамыз және 3, 7, 11 қыркүйекте "Нұр-Сұлтан - Нұрлы жол" вокзалынан жолға шығып, 27, 31 тамызда және 4, 8, 12 қыркүйекте Өскеменге жетеді.

Содан кейін бірден кері бағытқа жөнелтіліп, "Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" вокзалына 28 тамызда және 1, 5, 9, 13 қыркүйекте келіп тоқтайды. Пойыздардың келу/жөнелтілу уақыты туралы барлық ақпаратты "105" анықтамалық телефоны арқылы алуға болады.