Білім • 22 Тамыз, 2020

БҚО әкімінің грантын иеленген жастардың дені – болашақ дәрігерлер

17 рет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі белгілеген жоғары білім беру грантының биылғы иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Облыс әкімдігі жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның шешімімен биыл 50 жас грант иегері атанды. БҚО Білім басқармасынан мәлім еткендей, 50 жастың 37-сі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетіне түсті. Дәрігерлік мамандықтарға басымдық берілуі түсінікті.

Әлемді жайлаған індет кезінде Батыс Қазақстан облысында да медицина мамандарының жетіспеушілігі байқалып отыр. Сонымен қатар 9 жас М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, 4-еуі "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университетінде білім алатын болады. Басқарма басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, жергілікті бюджет есебінен білім беру гранты 2017 жылдан бері беріліп келеді.

Мұндағы мақсат – облысқа аса қажет мамандарды даярлау. Бұл жобаның өз жемісін беретіні анық. Биылдың өзінде бір студент М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін тәмамдап, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағындағы мекемеге жұмысқа орналасты. Алдағы жылы бітіретіндер де баршылық, осылай жалғаса береді. Студенттерге стипендия төленеді.

ЖОО бітіргеннен кейін үшжақты келісімге сәйкес жас мамандар ауылдық жерге жұмысқа жіберіледі. Биыл грант иегерлері атанғандардың бірі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің түлегі Жанерке Амангелдиева өзінің қуанышты екендігін, жергілікті бюджет есебінен М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде оқитынын жеткізді.

"Бастапқыда-ақ дәрігер болуды жүрегіммен қаладым. Дегенмен мұндай құрметті әрі өте жауапты мамандықты таңдауға жүрексініп жүрдім. Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын әжеміз қатты сырқаттанып қалған кезде әкемнің «Төрт қызым да дәрігер болады» деген сөзі қанат бітіріп, арманымды бекіте түсті. Сол сәттен бастап бұл мақсатымнан бас тартқан емеспін. Арманым – ең бірінші адамдарға көмектесетін ізгі ниетті дәрігер болу. Екіншіден, өлкемізге танымал Серік Қуандықұлы Ақшолақов тәрізді талай жанның өміріне араша түсе алатын білікті нейрохирург атанғым келеді", - деді Жанерке Имантайқызы.

Соңғы жаңалықтар

Қыран қанатында қалықтаған жыр

Руханият • Бүгін, 08:43

Сөз сойыл №105

Руханият • Бүгін, 08:39

Құнды қазына орталығы

Руханият • Бүгін, 08:15

Инвестиция тартуға күш салуда

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 08:12

Талапты қыз Тәліпова

Спорт • Бүгін, 08:10

Тарихта тұрлау болған ба?

Тарих • Бүгін, 08:08

Сербияда сайысқа түседі

Бокс • Бүгін, 08:06

Шүкіршілік

Руханият • Бүгін, 08:02

Бастамаларды қолдау алаңы

Саясат • Бүгін, 08:00

Алаш топырағындағы алтын тарих

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:00

Ахуал алаңдатып тұр

Аймақтар • Бүгін, 07:52

Ақ желеңді абзал жандар

Қоғам • Бүгін, 07:47

Жарқайыңның жомарт жандары

Аймақтар • Бүгін, 07:40

Үндістандағы ахуал нашар

Әлем • Бүгін, 07:32

Жол – мемлекеттің күретамыры

Аймақтар • Бүгін, 07:24

«Указной молда»: Ол кім?

Руханият • Кеше

Қылаң

Таным • Кеше

Ұқсас жаңалықтар