Аймақтар • 22 Тамыз, 2020

Қостанай облысында егін орағы тоқтап тұр

588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында 1 аптаға созылған жауын-шашынға байланысты егін орағы тоқтап тұр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, аймақта бидай алқабының 287 мың гектары, яғни 7%-ы ғана орылған.  Әзірге бидай түсімі орта есеппен гектарына 9 центнерден айналуда. Орақтың алдын әдеттегідей облыстың оңтүстік аудандары бастап келеді. Мәселен, Әулиекөл ауданының диқандары алқаптағы бидайдың 13%-ын бастырып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында егін орағы тоқтап тұр

Биыл шілденің екінші жартысы аптап ыстыққа ұласып, астық тез жетілді. Сондықтан диқандар да науқанды жылдағыдан бірнеше апта ерте бастап кетті. Алқап жұмыстары тамыздың төртінде басталған. Бірақ, өкінішке қарай, алқап жұмыстарына 1 аптадан бері жауған жаңбыр кедергі келтіріп тұр.

"Қазір жауын-шашын саябырсыды. Енді 1-2 күн ішінде жер дегдісе, комбайндар қайта қозғалады", деді меңдіқаралық диқан Талғат Қапанов. 

Қостанай облысына 4,1 млн гектар алқапқа дәнді дақыл егілген. Оның 84,8 пайызы бидай. 640,5 мың гектар майлы дақыл бар. Аймақ диқандары биыл ел қамбасына 4 млн тонна астық құюды жоспарлап отыр.

 

Қостанай облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20