Экология • 22 Тамыз, 2020

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райы күрт өзгереді

1472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК 23 тамыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

 

Қазақстанның 7 өңірінде ауа райы күрт өзгереді

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерінде найзағай болжанады. Түнде және таңертең жекелеген аумақтарды тұман басады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман болжанады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с құрайды.