Коронавирус • 23 Тамыз, 2020

ДДСҰ 12 жастан асқан балаларға маска тағу керектігін ескертті

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек екендігін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ДДСҰ 12 жастан асқан балаларға маска тағу керектігін ескертті

Дүниежүзілік ұйым жеткіншектерде де вирусты жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары екендігін ескертеді.

Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазіргі кезде әлемде коронавирус жұқтырғандар 23 млн адамнан асқан. Олардың көпшілігі АҚШ, Бразилия, Үндістанда тіркелген. Алайда Оңтүстік Корея, Еуропа елдері және Ливан сияқты басқа елдерде де қауіпті вирусты жұқтырған адамдар саны көбейген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маска тағып жүруге қатысты кеңестерімен мына жерден танысуға болады.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған.

Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.