Әлем • 23 Тамыз, 2020

Трамп Калифорния штатына федералды көмек көрсетеді

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ президенті Дональд Трамп орман өрттеріне байланысты Калифорния штаты билігіне федералды көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Трамп Калифорния штатына федералды көмек көрсетеді

Көмекке алты адамның өмірін қиған табиғат апатынан қираған үйлерді жөндеуге және уақытша баспанаға арналған грант, сонымен қатар қиындыққа тап болған кәсіпкерлердің жұмысын жолға қою шаралары енген.

"Трамп Калифорния штаты аумағында ірі табиғат апаты болғанын мәлімдеді және 2020 жылдың 14 тамызында басталған орман өртіне қарсы штаттың жұмысына қосымша федералды көмек көрсетуді тапсырды", делінген мәлімдемеде.

Тілсіз жау штаттағы 500-ден астам тұрғын үй мен басқа да құрылыстарды жалмады. 175-тен астам тұрғын үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұған дейін Американың Калифорния штатында табиғи өрт салдарынан бес адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Оған қоса Калифорнияда соңғы бірнеше күн ішінде 11 жай түсу оқиғасы тіркеліп, салдарынан 367 өрт ошағы пайда болған.