Әлем • 23 Тамыз, 2020

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты

"Бүгін Польшада "Димаш" радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз", - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

Еске сала кетсек , әлемге танымал қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері "Димаш" радиосын ашқан. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.