Президент • 23 Тамыз, 2020

Президент Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі жеңісімен құттықтады, деп хабаралайды Egemen.kz ҚазАқпарат.

 

Президент Фируза Шәріпованы әлем чемпионы атануымен құттықтады

"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Еске салайық, Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанған еді.