Парламент • 23 Тамыз, 2020

Сенатор сот жүйесіндегі реформалар мен адвокаттық қызметке қатысты өзгерістерді талқылады

154 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы қаласында жұмыс сапарымен жүр. Ол әдідет департаментінің, қалалық соттың және адвокаттар алқасының қызметкерлерімен бірнеше кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор сот жүйесіндегі реформалар мен адвокаттық қызметке қатысты өзгерістерді талқылады

Сенатор парламентшілердің бастамасы бойынша әзірленген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын егжей-тегжейлі талқылады. Айта кету керек, заңгерлер тарапынан заң жобасы үлкен қызығушылық тудырды және бүгінде кеңінен талқылануда.

Владимир Волков азаматтардың білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы бар десек, оның маңызды тармақтарының бірі қылмыстық сот ісін жүргізуге адвокаттардың қорғаушы ретінде тағайындалу және азаматтық сот ісін жүргізуге өкіл ретінде қатысуы екенін атап өтті.

Ұсынылып отырған заң жобасы азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруына кепілдікті арттырады.

89

Заң консультацияларын жою, адвокаттық лицензиядан өмір бойы айыру, заң консультанттарын әкімшілік сот өндірісіне жіберу және олардың кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру және басқа да мәселелер талқыланды. Бұл мәселелердің барлығы жан-жақты және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Келіп түскен ұсыныстар Сенат комитеті жұмыс тобының қарауына беріледі, деп сендірді Владимир Волков.

Судьялармен кездесуде Владимир Волков шешім қабылдауда судьялардың тәуелсіздігі мен дербестігін, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға, судьялыққа кандидаттарды іріктеу тәсілдерін оңтайландыруға бағытталған жүйені одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің негізгі ережелері де қаралды.

Қалалық сот төрағасы жаңа әкімшілік соттар қолданыстағы қызметкерлер құрамынан және қолданыстағы материалдық-техникалық базаның негізінде жасақталатынын хабарлады. Әкімшілік әділет шеңберінде істерді қарайтын судьялар біліктіліктерін жетілдіретін болады.

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдау – мемлекет үшін маңызды оқиға. Әкімшілік рәсімдер мен сот ісін жүргізудің жаңа қағидаттарын енгізу азаматтарды билік субъектілері тарапынан болуы мүмкін теріс қылықтардан қорғауға, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасында туындайтын қатынастарға тың серпін береді", деді сенатор.

Сенатор адвокаттық қоғамдастықпен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша қалалық адвокаттар алқасының төралқасы кейбір заңнамалық нормалар бойынша өзінің сараптамалық пікірін білдірді, оны депутат Сенаттың бейінді комитеті зерделейтінін атап өтті.