Коронавирус • 23 Тамыз, 2020

COVID-19-ға қатысты қызықты тәжірибе жасалды

1013 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Неміс ғалымдары COVID-19-дың таралу табиғатын тануды зерттеу үшін қызықты тәжірибе жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19-ға қатысты қызықты тәжірибе жасалды

Лейпциг қаласында 22 тамызда танымал әнші Тим Бенджконың бір күнде  қатарынан 3 концерті ұйымдастырылған. Тәжірибенің мәні сол, 3 концертте тыңдаушылар түрлі қалыпты ұстануы тиіс болған көрінеді.

Бірінде, белгілі арақашықтық ұсталуы қатаң сақталса, екіншісінде, ол тіпті де ескерілмейді. Галле-Виттенберг университетінің ғалымдары тәжірибеге қатысқан 1400 адамнан алдын ала вирусқа тест алып, барлығына бірдей беттерін тұмшалауды тапсырған. Әр көрерменге арнайы жүріс-тұрысын бақылап отыратын шағын құрылғы берумен қатар, олардың қолдарын флуоресцентті дезинфекциялық ертінділермен зарарсыздандыған.

Осылайша 1400 адамның қолдары тиген жерлерді де анықтап отыруға мүмкіндік алады. Сонымен бірге жабық ғимарат ішінде ауада вирусты  алып ұшатын ағындарды да зерттеген ғалымдар тәжірибе нәтижесінде КВИ-дың таралу жолының математикалық моделін жасамақшы.

Қорытынды осы күзде айқын болады дейді  жоба жетекшісі Стефан Моринц.