Әлем • 23 Тамыз, 2020

Германияда бір тәулікте екі мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны көбейді. Мәселен, өткен тәулікте 2034 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Германияда бір тәулікте екі мыңнан аса адамнан COVID-19 анықталған

Дереккөз мәліметінше, бұл сәуір айының бергі рекорд екен. Вирус жұқтырғандар саны елдің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Берлинде көп тіркелген. Соңғы мәліметке қарағанда, вирус басталғаннан бері 232 082 адам вирус жұқтырып, одан 9267 адам көз жұмған.