Спорт • 24 Тамыз, 2020

«Бавария» – Чемпиондар лигасының алты дүркін жеңімпазы!

271 рет көрсетілді

Германияның «Бавария» командасы Францияның ПСЖ клубынан 1:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші таймда қос команда алма-кезек шабуылдармен алмасты. Ойынның алғашқы 45 минутында «Бавария» шабуылшысы Левандовскиде гол соғатын үш мүмкіндік болды. Тепкен добы бірде қақпа бағанына тисе, бірде қақпашы соққыны қайтарып отырды. Бұл кеште ПСЖ шабуылшылары – Неймар мен Мбаппе де бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды.

Ал екінші тайм жұрт күткендей болмады. Екі ұжым да «итжығыс» ойын өрнегін көрсетті. Тәртіп бұзу да, сары қағаз да, айқай-шу да көп болды.

Әйткенмен, ойынның 59 минутында «Бавария» қорғаушысы Киммихтің оң қапталдан асырған добын баспен қақпа бұрышына дәл көздеген Команның қанжығасы майланды.

Осы голдан кейін қаншама алма-кезек шабуыл жасалғанымен есеп өзгерген жоқ.

«Бавария» Чемпиондар лигасының алты дүркін жеңімпазы атанып, бұл көрсеткіш бойынша «Ливерпульмен» теңесті. Чемпиондар лигасын ең көп жеңіп алған команда – «Реал Мадрид». Олар аталмыш кубокты 13 рет басына көтерген. Екінші орында жеті мәрте жеңіске жеткен «Милан» клубы.

 

Статистика:

ПСЖ – «Бавария» 0:1

Гол соққан – Коман 59.

Допты иелік ету – 39% – 61%; соққы – 8:12; дәл соққы – 3:2; бұрыштама – 4:4; офсайд – 2:1; сары қағаз – 4:4; ойыншы алмастыру – 4:4.

ПСЖ: қақпашы – Навас; қорғаушылар – Бернат (Курзава 80), Кимпембе, Силва (к), Керер; жартылай қорғаушылар – Паредес (Верратти 65), Маркиньос, Эррера (Дракслер 72); шабуылшылар – Неймар, Мбаппе, Ди Мария (Шупо-Мотин 80).

«Бавария»: қақпашы – Нойер (к); қорғаушылар – Киммих, Боатенг (Зюле 25), Алаба, Дэвис; жартылай қорғаушылар – Алькантара (Толиссо 86), Горетцка, Гнабри (Коутиньо 68), Коман (Перишич 68); шабуылшылар – Мюллер, Левандовски.

Соңғы жаңалықтар

Елге керек екі кітап

Руханият • Бүгін, 08:52

«Ғарышқа апарар жол»

Руханият • Бүгін, 08:50

Алғашқы ғарыш айлағы

Оқиға • Бүгін, 08:48

Сананы өзгертудің тиімді тетігі

Руханият • Бүгін, 08:36

Тарихи жерлердің тағылымы бөлек

Руханият • Бүгін, 08:30

Ширек финалда сүрінді

Теннис • Бүгін, 08:11

Эль-Класикода жеңіске жетті

Футбол • Бүгін, 08:06

Рухы биік ел ешқашан жеңілмейді

Руханият • Бүгін, 08:05

Израильден басым түсті

Спорт • Бүгін, 08:04

Ғылымның жаңа белесі

Ғылым • Бүгін, 08:01

Ұлттық үрдістер үзілмейді

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар