26 Қазан, 2013

Қолжетімділік және сапа

520 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

logo kazaxstan 2050-1 Бүгінде денсаулық сақтау саласына қажетті нәрселер, міне, осылар

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарына деген өз көзқарасын баяндай оты­рып, әсіресе, жаһандық дағда­рыс жағдайында мемлекет аза­маттарға әлеуметтік ең төменгі стандарттарға кепілдік беруі тиіс екенін ерекше атап өтті. Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу қағидаттары дәл сол әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерге негізделуі тиіс. Халық денсаулығы мемлекет дамуының ең басты нәтижесінің бірі болуы қажет екені де сөзсіз.

 Бүгінде денсаулық сақтау саласына қажетті нәрселер, міне, осылар

logo kazaxstan 2050-1Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарына деген өз көзқарасын баяндай оты­рып, әсіресе, жаһандық дағда­рыс жағдайында мемлекет аза­маттарға әлеуметтік ең төменгі стандарттарға кепілдік беруі тиіс екенін ерекше атап өтті. Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеу қағидаттары дәл сол әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктерге негізделуі тиіс. Халық денсаулығы мемлекет дамуының ең басты нәтижесінің бірі болуы қажет екені де сөзсіз.

Денсаулық сақтау саласы қызметтерінің деңгейі мен са­пасы, оның қолжетімділігі әрбір адам өмірі сапасының құрам­дас бөлігі болып табылады. Сондықтан медициналық қыз­меттердің бірыңғай стандарттарын енгізу жүйелі біртіндеп және негізделген түрде жүргі­зі­луі тиіс, ал медициналық меке­мелердің материалдық-техни­калық жарақтандырылуын бірың­ғайландыру және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келтіру керек. Өйткені, медициналық жабдықтың белгілі жиынтығымен жарақтанған типтік медицина мекемелерін елді мекен түріне байланыстыра отырып салу міндеттілігі нәтижесінде халықтың медициналық қызмет­терге нақты қолжетімділігі қамта­масыз етіледі, сондай-ақ ашық және тиімді бюджеттеуге негіз болады.

Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік стандарттар – бұл стационарлық, амбулаториялық-емханалық және жедел медици­налық көмек, туберкулезбен ауыратын науқастарға және балаларға санаторийлік көмек, санитариялық-профилактикалық сипаттағы қызметтер көрсету бойынша тегін және жалпыға қолжетімді қызметтердің жиынтығы; халықты медициналық және санитариялық-профилактикалық қызметтермен қамтамасыз ету нормалары мен нормативтері; денсаулық сақтау мекемелерін материалдық-тех­никалық және кадрлармен қам­тамасыз ету нормалары мен нор­мативтері; дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұ­й­ым­дармен жеңілдікпен қамтамасыз ету жүйесі.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты қолданыста бар.

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі әзірленіп, бекітілді. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік стандарттар жүйесін қалыптастыру бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Бұл – құптарлық жағ­дай. Сонымен бірге, әсіресе, ауыл азаматтарының медициналық қызметтерге географиялық тұр­ғыдан қолжетімділігін қамтамасыз етуде бірқатар кемшіліктер орын алып отыр. Қоғамның медициналық көмекке қолжетімділігін арт­ты­­­­руға дайын болуы көп жағ­дай­­ларда елдің экономикалық ахуа­­лына байланысты болады. Бұл ретте қаражат бөлу кезінде оңтай­ландырудың тиімді, әділетті, кәсі­би болуы және әрқашан сапалы көмек мүмкіндігіне кепілдік беруі маңызды.

Халықтың белгілі бір санын денсаулық сақтау қызмет­керлерімен және медицина мекемелерімен қамтамасыз ету нормативтері әзірленіп, бекітілді. Бірақ медициналық мекемелердің жұмысын талдау барысында елді мекендердің 20%-ына жуығы денсаулық сақтау нысандарымен қамтамасыз етілмеуі, олардың бір бөлігі қабылданған нормаларға сәйкес келмеуі байқалды. Ста­ционарды алмастыру саяса­ты себебінен медициналық ұйым­дардың төменгі деңгейіне қойы­латын талаптар кеми түскен.

Бүгінде ауылдық елді мекендерде амбулаториялық-емха­налық қызмет көрсетудің тө­менгі деңгейіндегі нормативке де қол жеткізілмей отыр. Ауыл­дық медицина мекемелері бо­йынша нормативті өзгерту есе­бінен олардың құрылысы дәрі­герлік амбулаторияларды құрумен алмастырылған. Әртүрлі деңгейдегі ауылдық жерлерде амбулатория тапшылығы, норматив талаптарымен салыстырғанда, жоғары күйінде қалуда. Сонымен қатар, аудандық және қалалық деңгейде стационарлық ұйымдар саны бойынша нормативтен ауытқу жағдайы орын алуда.

Медициналық мекемелерге сан жағынан қолжетімділіктен басқа, олардың жарақтануы мен жағдайы өзекті проблема болып отыр. 1 000-ға жуық амбулатория мен стационар күрделі жөндеуді қажет етеді. Осы мекемелердің басым бөлігі автокөлікпен және компьютермен, сондай-ақ қажетті медициналық жабдықпен жарақтанбаған.

Қазақстандағы мемлекеттік нормативтер 50 адамнан кем халқы бар елді мекендерде медициналық көмек көрсетуді көздемейді. Ал түрлі деректер бойынша, мұндай елді мекеннің саны бүгінде 500-ге жуықтайды. Осылайша, бұл тұрғындар мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің ең төменгі көлемінен тыс қалуда.

Әлеуметтік стандарттарды үнемі әзірлеуге және қайта қарауға жүйелі тәсілдерді қалыптастыру шаралары:

әсіресе, ауылдық елді мекен­дердегі денсаулық сақтау ұйым­дарының материалдық-тех­ника­лық базасын жарақ­тандыруды барынша негіздеп жоспарлау және бюджеттеу;

ауылдар мен қалаларда ұсы­нылатын медициналық қызмет­тер сапасындағы аумақтық теңсіздікті, сондай-ақ білікті кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын жою мәселелерді тиімді шешуге жәрдемдескен болар еді.

Тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласында ең төменгі стандарттардың қолданыстағы нормативтердің негізділігін ДСҰ, ХЕҰ ұсынымдарына сәйкес нақты айқындау, сондай-ақ бұл нормативтерді тиімді орындау бойынша мақсатты бағдарлама әзірлеу қажет болып отыр. Оларға қол жеткізуді бақылау және қар­жыландыру көлемін нақтырақ белгілеу мүмкін болатындай бюджеттік жоспарлау негізінде нақты мақсатты индикаторлардың болғаны жөн деп есептейміз.

Гүлнар ЫҚСАНОВА,

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар