Футбол • 24 Тамыз, 2020

ЦСКА-ға ауысуы мүмкін

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің «Ростов» клубында өнер көр­сететін жерлесіміз Бахтиер Зайнут­динов ЦСКА-ға ауысуы мүмкін.

ЦСКА-ға ауысуы мүмкін

Чемпионат.ком сайтының хабарлауынша, бүгінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновты сатып алу үшін ЦСКА мен «Ростов» келіссөздер жүргізуде. Тараптар келісімге жақын.

Ресей чемпионатының өткен маусымында Зайнутдинов «Ростовта» 17 матч өткізіп,  төрт голдың авторы атанды. Жаңа маусымда оның есебінде үш ойын бар. Жартылай қорғаушының «Ростовпен» келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған, ал оның трансферлік құны екі миллион еуроға бағаланады.