Спорт • 24 Тамыз, 2020

«Қақпанға» түсіп қалды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та өткен UFC турнирінде сынға түскен қазақ­стандық Мария Агапова амери­калық Шана Добсоннан екінші раундта жеңіліп қалды.

«Қақпанға» түсіп қалды

Алғашқы кезеңде белсенді болған Ага­пова екінші раундты да тәп-тәуір соққы­лар­мен бастаған. Алайда қарымта шабуылдың бірінде соққы жіберіп алған жерлесіміз қарсыласының «қақпанына» түсіп қалды. Нәтижесінде отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.

23 жастағы Агапова аталған жекпе-жекке дейін 10 кездесу өткізіп, 9-ында жеңіске жеткен.