Бұл кеште қазақстандық боксшы бәсеке тізгінін бірден қолға алып, соққыларын қарсыласына дәл дарыта білді. Аяғымен де жылдам қимылдаған Фирузаның басымдығы айқын көрінді. Оның жойқын соққысына шыдай алмаған Х.Доуди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Ф.Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.