Тағайындау • 24 Тамыз, 2020

Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Талғат Сәтиев 1973 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей геологиялық барлау техникумын, В.И.Ленин атындағы Қазақ ұлттық политехникалық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша техник-геофизик, тау-кен инженері. Еңбек жолын 1992 жылы Семей қаласындағы полигонға қызмет көрсету бойынша жұмысшы болып бастаған. Семей қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Семей инспекциясында түрлі лауазымдары атқарған.

2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Өскемен қаласындағы "Шығысқазжерқойнауы" Геология департаментінің басшысы қызметінде болды. 2014 жылдан бастап 2019 жыл аралығында Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.