Білім • 24 Тамыз, 2020

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасынан шыққан әрбір оқушы мектеп құралдарын сатып алу үшін 40 мың теңгеден алады. Жалпы білім беру қоры аясында 17 мың балаға көмек көрсетіледі. Өткен жылмен салыстырғанда 4 мың 300 бала артық қамтылатын болады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов "Тамыз" кеңесінің онлайн отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған оқушыларға әлеуметтік көмек мөлшері көбейтілді

Елорда әкімінің айтуынша, өткен жылы мектеп құралдарын сатып алуға бөлінген сома 30 мың теңге болды. Биыл ол 40 мың теңгеге дейін артты. Мысалы, отбасында 3-4 баладан болса, онда әр балаға 40 мың теңгеден бөлінеді. Бұл мақсатқа бюджеттен 680 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасыларға басқа да әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтып өтті.

"Мектептерде  қашықтан оқыту жүргізілетінін ескере отырып, әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды ноутбуктермен, роутерлермен қамтамасыз етуге 6 млрд теңге бөлінеді. Осылайша, осы санаттағы барлық балаларды қыркүйекте компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етеміз: олар аз қамтылған отбасы балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар. Жалпы 34,5 мыңға жуық бала қамтылатын болады", деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.      

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.