Саясат • 24 Тамыз, 2020

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі жазбасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді

"Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр А.Ұ.Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды", дейді Бауыржан Байбек. 

Сондай-ақ Бауыржан Байбектің айтуынша, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиіс.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.