Әлем • 24 Тамыз, 2020

COVID-19: Қалыпты тірлік қалғалы қашан

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиядағы федералды аймақ Солтүстік Рейн-Вестфалия үкіметінің премьер-министрі Армин Лашет дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін думанды карнавалдың биыл болмағаны дұрыс деп есептейтінін WDR телекомпаниясына берген сұхбатында айтты, деп жазады REGNUM АА.

COVID-19: Қалыпты тірлік қалғалы қашан

Карнавалдық ассоциациялармен бірлесе осындай ұйғырымға келіп отырмыз, себебі 11 қараша күні дәстүр бойынша халық ойын-сауығымен далаға лап қойса COVID-19-дың қармағына ел болып түсіп, салдарынан ес жия алмай қалуымыз мүмкін, деген Лашет.

Ия коронавирус енгелі жер жаһандағы қалыпты тірлік өзгеше жолға түскен-ді. Лашет: «Карнавалды биыл өткізу, мемлекеттің халқын індеттен қорғаймын деген ниетіне жасалған қарсылық», деп бағалайтынын айта келе, дегенмен бұл мәселедегі нақты шешімнің 2-3 аптаның ішінде толық консенсуқа жеткенде барып қабылданатынына тоқталды.

Бұдан бұрын Германияда жаздың жадыраған күндерінде дәстүрлі түрде өткізілетін «Мергендер мерекесін» тойлауға да тиым болғанын  еске салған ол.

Жыл сайын қарашаның 11-де басталатын «Кёльн карнавалы» Солтүстік Рейн-Вестфалия бойын үш бойына думанға толтырып, елге туристерді де шақыратын.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.