Экология • 24 Тамыз, 2020

Еліміздегі дельфинарийлер жабылуы мүмкін

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-інде қазақстандық табиғат қорғаушыларының ұсынысын қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздегі дельфинарийлер жабылуы мүмкін

"Министрлік атынан осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп, азаматтық ұстанымын танытқан адамдарға алғысымызды айтамыз", дейді Экология министрі.

Мағзұм Мырзағалиевтың пікірінше, Экология министрлігі дельфинарилердің жабылуы туралы қазақстандық жануарлар сақшыларының ұсынысын қарастыратын болады. Дельфинаридегі дельфиндерді ұстау жағдайын ескере отырып, министрлік "Жан-жануарларға жауапкершілікпен қарау" заңнамасының шеңберінде жабу мәселесі туралы нақтылады.

"Бұл аяқ астынан пайда болған мәселе емес. Сондықтан оның шешілуі үшін белгілі бір уақыт керек. Халықаралық тәжірибелер ескерілуі қажет. "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" туралы заңның жобасында дәл осы гуманизм принциптері негіз болады", дейді Мағзұм Мырзағалиев.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.