Коронавирус • 24 Тамыз, 2020

COVID-19: Ауырып тұрғандардың плазмасы ем

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

   Осыдан бірнеше ай бұрын отандық трансфузиологтардың COVID-19-бен күресте осы аурудан жазылып шыққандарды «Ауру барысында ағзаның қор­ғаныштық жүйесі (иммундық жүйесі) белсенді қимылдап, қоз­дырғыштарға қарсы тұратын анти­денелер жасақтай бастайды. Ал жазы­лып шыққан соң жоғарыдағы анти­денелер қан плазмасында сақ­та­лады. Сондықтан ондай плазманы ауыр науқастарды емдеуге қолданған уақытта науқас бойында белсенділігі төмен өз иммунитеті пайда бола бастайды да, ол иммундық жүйе толық күшіне енуіне, өз антиденелерін қа­лып­тастыруына қажетті уақытты үнем­­дейді» деп, донор болуға шақырғанын жазған едік, - деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Ауырып тұрғандардың плазмасы ем

Енді сонау алыста жатқан алып ел АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Дәрі-дәрмектің сапасын қадағалау басқармасы (FDA) плазманы COVID-19-ға қарсы емге пайдалану жөнінде шұғыл рұқсат беріп, оны рәсімдеп отырғаны жайында көптеген ақпарат көздері хабардар етіп жатыр.

CNN «Плазманың емдегі артықшылығы оның болуы ықтимал қауіпінен әлдеқайда жоғары» деп Дональд Трамптың рұқсатты Ақ Үйдегі брифингте жария еткенін хабарлайды. «Мен бүгін қытайвируспен күрес бойынша тарихи мәлімдеме жасап қуанып тұрмын. Бұл сансыз адамды ажал тырнағынан құтқаратын шара», деп Трамптың мәлімдегенін РБК және Спутник, REGNUM бұқаралық ақпарат құралдары да жария етті.

Дәрі-дәрмектің сапасын қадағалау басқармасы плазмаға қатысты клиникалық зерттеулердің толық аяқталмағанына қарамастан, оның 70 мың пациентті емдеуде қоданылып, оң нәтиже көрсеткеніне қарай шешім қабылданғанын айтқан.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.