Аймақтар • 24 Тамыз, 2020

Қостанай облысында жол күтіміне салғырт қараған 100-ге жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды

1884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аймақта жыл басынан бері 157 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 23 адам қаза тауып, 214 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Биыл 7 ай ішінде полиция департаментіне қарасты жол-техникалық инспекциясының мамандары автокөлік жолдарына мыңға жуық тексеру жүргізіпті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жол күтіміне салғырт қараған 100-ге жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды

"Тексеру шараларының қорытындысы бойынша 1014 кемшілік анықталып, оны жою туралы ұйғарым шығарылды. Автомобиль жолдарын қанағаттанарлық жағдайда ұстамағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 97 лауазымды тұлға жауапқа тартылып, 2639 100 теңге сомасына айыппұл салынды. «ҚазАвтоЖол» АҚ Қостанай облыстық филиалы, «Қазақавтожол» ЖШС Қостанай облыстық филиалы және Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерімен бірлесіп, облысы аумағы арқылы өтетін автомобиль жолдарын кешенді тексеру жоспарлануда", - деді  әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григоревский.