Қоғам • 24 Тамыз, 2020

"Egemen Qazaqstan" газеті 185 мың оқырманды қамтып отыр - Аида Балаева

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда 100 жылдық тарихы бар басылым "Egemen Qazaqstan" газеті 185 мың оқырманды қамтып отыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

"Egemen Qazaqstan" газеті 185 мың оқырманды қамтып отыр -  Аида Балаева

Шілде айының соңында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Egemen Qazaqstan" газетінің директорлар кеңесіне және "Қазмедиа орталығы" бақылаушылар кеңесінің құрамына енген болатын. Министр "Балаеваға 3 сұрақ" бағдарламасында мұндай шешімнің не себепті қабылданғаны жайында сөз етті.

"Міндетті түрде әр қосымша жүктеменің өзінің жауапкершілігі бар. Ақпарат министрлігін басқарып отырғаннан кейін еліміздегі ең беделді медиа құрылымдардың ішіндегі процестерді қадағалап отыру керек.  "Egemen Qazaqstan" 100 жылдық тарихы бар басылым, бүгінгі таңда 185 мың оқырманды қамтып отыр. Елде болып жатқан тыныс-тіршіліктің  барлығын осы "Egemen Qazaqstan" газетінен және "Казправда" басылымы арқылы білуге болады.  "Қазмедиа орталығы" 10-нан астам ірі БАҚ редакциялары шоғырланған үлкен орталық. Осы екі ұйымның ішіндегі ішкі процестердің барлығын  дер кезінде көріп отыру, шешім қабылдау, ішіндегі көкейкесті мәселелер болса, оны бірге шешіп отыру үшін осындай шешім қабылданды. Менің ойымша, бұл дәстүрлі дүние", - деді Аида Балаева.