Медицина • 25 Тамыз, 2020

Күйзеліс жүйке ауруларына әкелуі мүмкін

737 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу инс­титутының психотерапевті Рашид Азизовтың айтуынша, коронавирус пандемиясы тән денсау­лығына қауіп төндіргеннен басқа менталдық денсаулық саласындағы проблемаларға да түрткі болып, халықтың үрейін арттырды.

Күйзеліс жүйке ауруларына әкелуі мүмкін

Үрейлену мида қозу ошағын құруға қабілетті болады да, бұл жұмылдыру вегетативтік процестерін белсендендіре отырып, жүйке жүйесінің белгілі бір құрылымы арқылы ағзада күйзеліс гормондарының каскадтық шығарылуына жол береді. Нәтижесінде түрлі күйзеліс реакциялары туындайды. Олар әртүрлі көріністермен, яғни өмір сүру сапасын төмендетуге әсер ететін жеңіл үрейлену күйінен бастап байбалам салуға дейін, ал кейде адамның бейімсіздікке шалдығу процесіне дейін әсер етуімен айқындалады.

Созылмалы күйзеліс психосоматикалық бұзылулар­дың, оның ішінде жүрек-қантамыр жүйелерінің патоло­гиясын айқындап, дамуына әкеледі. Оның психоэмо­циялық жағдайдың күшеюімен болатын себеп-салдар байланысы көптеген ғылыми-зерттеуде көрсетілген.

Серуендеу, спортпен айналысу, бейінді мамандар­ға қаралу секілді күйзеліспен күресудің әдеттегі тәсіл­­дерінен басқа эмоциялық күйзеліс реакциялары саласындағы диагностикалау мен түзетудің жеке әдістемесінің авторы Рашид Азизов күйзелісті мейлін­ше өз бетінше жеңіп шығуды және өзінше реттеу дағдыларын меңгеруді ұсынады. Созылмалы күйзеліс адамның психикалық және физиологиялық мүмкін­діктеріне күш салады, осының нәтижесінде ағза өзіне берілген жүктемелерге шамасы келмей қалады.

«Біз барлық күйзеліс факторларынан толығымен құтыла алмаймыз. Осы секілді ресурстар таусылмас үшін туындаған артық күш жұмсаушылықты үнемі күйзеліске қарсы іс-шаралармен азайтып отыру қажет», дейді Рашид Азизов.

Бүгінде адамдарға арналған түрлі әдістемелердің кең түрі бар, атап айтқанда, релаксацияның түрлі әдістері, ты­ныс алу практикасы, массаж, түрлі спа-процедуралар түрін­дегі физиотерапевтік процедуралар, медитация және т.б.

Қажет болған жағдайда психотерапия немесе психология саласындағы бейінді мамандарға қаралған жөн.