Қоғам • 25 Тамыз, 2020

«Egov жаршысы» жобасы іске асырылады

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамы электронды форматта көрсетілуі мүмкін. Электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсететін негізгі интернет-ресурс – egov.kz электрондық үкімет порталы.

«Egov жаршысы» жобасы іске асырылады

Egov.kz электрондық үкі­мет порталының халыққа қол­жетімділігіне қарамастан, кей­бір азаматтар бұрынғыдай Ха­лыққа қызмет көрсету орта­лықтарына немесе мемлекет­тік органдарға жүгіну арқылы мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде алуды жөн көреді.

Мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде алудың негізгі себептері азаматтардың мем­лекеттік қызметтерді элек­тронды форматта алу мүм­кін­дігі туралы хабардар және мемлекеттік қызметтерді элек­тронды форматта алу дағ­дыларының болмауы, яғни цифрлы сауаттылықтың тө­мендігі болып саналады. Осы­ған байланысты, Волонтерлер жылы аясында Алматы облысында электронды мемлекеттік қызметтер мен мобильді қо­сымшаларды насихаттау мақ­сатында Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі Ал­ма­ты облысы бойынша депар­та­ментінің бастамасымен Ал­­маты об­лысы жастар саясаты мә­се­лелері басқармасының және «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясы» КеАҚ Алматы облысы бойынша филиалының қолдауымен «Egov жаршысы» жобасы іске асырылуда.

Жобаның негізгі міндеті – облыс халқының 80%-дан астамын мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу бо­йынша оқыту және түсіндіру іс-шараларымен қамту және өзіне-өзі қызмет көрсету бұ­рыш­тарын насихаттау.

Жуырда онлайн-кеңес аясында Талдықорған қаласы, Қарасай, Жамбыл, Іле және Талғар аудандарының ішкі бақылау қызметтері «ZOOM» бағдарламасы арқылы ерік­тілердің қызметі туралы есеп берді. Бірқатар ерікті аза­мат­тарға кеңес беру және әдіс­темелік көмек көрсету аясында кейстер туралы айтып, олардың қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді.

Соңғы жаңалықтар