Елорда • 25 Тамыз, 2020

Сандық технологиялар коронавируспен күресте көмектеседі

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда пандемия кезінде КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды қалалық ауруханаларға бірдей тарататын орталықтың жұмысын күшейту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Сандық технологиялар коронавируспен күресте көмектеседі

Бүгін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп бірінші вице-министрі Б.Мусин, ЦДИАӨ және ІІМ вице-министрлері А.Оспанов, С.Сәрсенов, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы К.Есекеев орталықтың жұмысымен танысты. Кездесу барысында COVID-19-бен күресуге көмектесетін цифрлық технологияларды дамыту және енгізу мәселелері талқыланды.

"Пандемия кезіндегі жедел жәрдем станциасына түсетін қоңыраулар саны үш есе артты, 1000-нан 3000-ға дейін, ал күніне 4 есе, 4000-ға дейін қоңыраулар түсті. Бұрын жедел жәрдем станциясының базасында мәжіліс залы болған, біз оны ахуалдық және байланыс орталықтарына айналдырдық. Бұл орталықтардың ашылуы бізге жедел жәрдем станциасындағы жүктемені азайтып қана қоймай, тез әрі тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Пациенттер легін дұрыс бөлу өте маңызды. Ахуалдық орталық COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық ұйымдар арасында өзара тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. ЖРВИ маусымы әлі алда, вирус ешқайда кеткен жоқ. Біз ахуал орталығының, call-орталықтардың және басқа да жұмыстарды күшейтуді жалғастырамыз", деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік органдар мен ұлттық компания өкілдері бірыңғай 112 диспетчерлік байланыстың жұмысын дамыту мәселелерін талқылады.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.