Қоғам • 25 Тамыз, 2020

Бір түйір дән жерде қалмайды

752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақсының жалпақ даласы қызу еңбек дүбіріне бөленген. Аудандағы егістік алқаптардағы пісіп-жетілген ақық дәнді оруға 700-ден астам техника жұмылдырылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір түйір дән жерде қалмайды

Осындағы алдыңғы қатарлы шаруа қожалықтарының бірі – "Қаражон" серіктестігі. Егістік алқабы 25 мың гектар. Әр жыл сайын қауырт еңбектерінің нәтижесін көріп келе жатқан серіктестік диқандары 50 мың тоннадан астам астықты құт қамбаларына құйып алатын. Биыл да сол межеден табылуды көксеп отыр.

"Шынын айтқанда, дән әлі ылғалды. Биылғы жыл қолайсыздау болды. Шілденің аптап ыстығында далалық жердегі бидай күйіп кетті. Абырой болғанда, агротехникалық шараларды тыңғылықты атқарып едік, сол еңбектің қайтарымы болады-ау деп болжап отырмыз" , – дейді серіктестік директоры Ұзақбай Шәкиев.

Техникасы сайлы, маманы мықты серіктестік егін орағын 25 күнде аяқтаймыз деп межелеп отыр.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.