Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Ақмола облысы мектептеріне 50 ноутбук табыс етілді

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім саласы қызметкерлерінің облыстық ұйымы жұмыр жерді жайлаған жаман тұмау жан алқымнан алған кезде қашықтықтан оқуға бет бұрған облыс мектептеріне 50 ноутбук табыс етті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы мектептеріне 50 ноутбук табыс етілді

Қазіргі уақытта техника облыс аудандарына таратылуда. Қамқорлықтан Көкшетау қаласындағы алты отбасы да тыс қалған жоқ. Қаншалықты қапысыз қамдандық десе де, ішінара қиындықтың болуы әбден мүмкін. Сондықтан, жанашырлық көрсетуге бар ынтасымен кірісіп жатқан кәсіподақ ұйымының бүгінгі қарекетін екпін түсіріп айта кетуге болады. Техникалық құралдар көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қажет. Тіпті, педагогтардың арасында зәру болып отырғандары да бар.

"Білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы көп балалы педагогтарды қолдау мақсатында жұмыс істеуде. Оларды қажетті техникамен қамтамасыз ету үшін жаңа техникалар сатып алсақ, елуден астам ноутбук уақытша қолданылуға берілді", – дейді облыстық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов. 

Жан жадыратар жанашырлыққа не жетсін?!

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.