Ұсталушы қылмыс жасау үшін әдеттегідей адам көп жиналатын жерлерді таңдаған. Көбіне-көп қоғамдық көліктер немесе сауда үйлері. Ер адамның тонау және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет соттылығы бар, сондай-ақ бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ұсталған уақытында ұрланған "Iphone" және "Samsung" маркалы екі телефонды өткізіп үлгерген. Қалған телефондар алынды және иелеріне қайтарылатын болады. Қазіргі уақытта ұсталушы УҰИ-ға қамауға алынды. ҚР ҚК 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аталған тұлғаның әрекетінен зардап шеккен немесе қандай да бір ақпараттан хабардар болған жағдайда, Бейбітшілік,19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 8 (7172) 71-61-71, 71-62-47,71-60-10, 102, 8-700-797-08-80 телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.