"Олардың салықтық қарызы қазіргі уақытта 263 845 620 теңгені құрайды. Оның негізгі қарызы 166 15050744 теңгені құрайды. 97,694 946 теңге айыппұл санкцияларын өндіріп алды", деді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Агенттіктің хабарлауынша, анти-рейтингтің көшбасшыларының қатарында Алматы қаласының тұрғыны тұр.
"Төлеуге белгіленген көлікке салынатын салықтың жалпы сомасы 11 млн. теңгеге жақындады (10 932 801 теңге). Осы сомадан 6 314 141 теңге негізгі қарыз. Есепке алынатын айыппұл 4 618 660 теңгені құраған. 723 455 теңге көлемінде жер салығы бойынша қарызы бар Ақтөбе қаласының тұрғыны да қарызды төлеген кезде 73 719 теңге көлемінде айыппұл төлеуден босатылуы мүмкін", деп толықтырды сала мамандары.
Еске салайық, жылдың соңына дейін негізгі салық қарызын төлеу шартымен айыппұлдарды есептен шығару туралы амнистия бар. Салықтық амнистия 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.
Айыппұлды есептен шығару үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде айыппұлдарды есептен шығару үшін комиссиялар құрылды.