10 Сәуір, 2010

МӘЖІЛІСТІҢ КЕЗЕКТІ БЮРО ОТЫРЫСЫ

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен палата бю­ро­сының отырысында депутаттық корпустың заң шығарушылық қыз­метіне қатысты мәселелер қа­ралды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Алдағы аптада өтетін жалпы оты­рыста депутаттардың талқы­сы­на кейбір заңнамалық актілерге мұ­най өнімдерінің айналымы сала­сын­да мемлекеттік бақылауды кү­шей­туге қатысты заң жобасын бірін­ші оқылымда қарау мәселесі ұсынылатын болды. Сондай-ақ, бірінші оқылымда әуе кеңістігін пайдалану және авиация  қызметі  туралы, бірқатар заңдарға көлік мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобаларын талқыға салу көзделіп отыр. Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне палатаның Халық­ара­лық істер, қорғаныс және қауіп­сіз­дік комитетінің ұсынуымен Кеден одағының кедендік аумағында сәй­кестікті міндетті бағалауға жататын өнімнің айналымы туралы, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйы­мы­на мүше мемлекеттердің үкімет­те­рі арасындағы халықаралық ақпа­раттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сала­сын­дағы ынтымақтастық ту­ралы келісімдерді ратификациялау ту­ралы заң  жобалары енгізілетін болды. “Егемен-ақпарат”.