Спорт • 25 Тамыз, 2020

Футболдан ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды

436 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар Лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімдерін жария етті. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан ұлттар лигасында ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды

УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы ойындары қыркүйек айының алғашқы он күніне белгіленген. 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Литвамен ойнайды. Ал, 7 қыркүйек күні біздің футболшылар өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны 31 тамызға жоспарланған.

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Щацкий («Тобыл»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (екеуі де - «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де - «Қайрат»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»), Олжас Керімжанов («Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Аль-Айн», БАӘ), Бактиёр Зайнутдинов («Ростов», Ресей), Исламбек Қуат (клубсыз), Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де - «Қайсар»); Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Қайрат»), Алексей Щёткин («Астана»), Максим Федин («Қайсар»).

Қосалқы құрам: Қақпашылар: Владимир Плотников («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко («Астана»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Александр Соколенко («Қызыл-Жар СК»);

Жартылай қорғаушылар: Георгий Жуков («Висла», Польша), Аслан Дарабаев («Жетісу»), Азат Нұрғалиев, Серікжан Мужиков (екеуі де - «Тобыл»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Қайрат»), Тимур Досмағамбетов («Ордабасы»);

Шабуылшылар: Сергей Хижниченко («Ордабасы»), Владислав Васильев («Рух», Беларусь), Бауыржан Тұрысбек («Тараз»), Роман Муртазаев, Оралхан Өміртаев (екеуі де - «Тобыл»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Артур Шушеначев («Қайрат»).

Жаттықтырушылар штабы: Михал Билек - бас бапкер, Михал Хипп - бас бапкердің көмекшісі, Марат Еслямов - дене дарялығы жаттықтырушысы, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Тимур Құсайынов - сарапшы, Тадеуш Переход - дәрігер, Евгениий Карнаухов - массажист, Алексей Гудзев - массажист, Дмитрий Николаев - массажист, Максим Шауберт - менеджер.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.