Экономика • 25 Тамыз, 2020

Екібастұз ГРЭС-2 валюталық қатерді жойды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Самұрық-Қазына" АҚ мен "Самұрық-Энерго" АҚ тең акционерлері болып табылатын "Екібастұз ГРЭС-2станциясы" АҚ жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге болатын шетел валютасындағы барлық міндеттемелерін қайта қаржыландырды. Осылайша, станция валюталық қатердің бетін толығымен қайтарып, болуы ықтимал курстық шығындарды жойды, - деп хабарлайды "Самұрық-Энерго" АҚ Үкіметпен байланыс және коммуникациялар қызметі.

Екібастұз ГРЭС-2 валюталық қатерді жойды

Бұл іс-шара ел экономикасының долларға байланыстылығы деңгейін төмендету, Қазақстанның валюталық міндеттемелері мен сыртқы қарыздарын азайту жөніндегі мемлекеттің саясатын қолдау аясында өткізілді. Қайта қаржыландырудың көзі – Қазақстанның аса ірі банкі – "Қазақстанның Халық Банкі" АҚ. 

Бұл мәмілені іске асыру Екібастұз ГРЭС-2-ге валюталық қатерді толығымен жоюға, сыйақы мөлшерлемесін бекітуге, кепілдегі жылжитын және жылжымайтын мүлкін толығымен босатып алуға мүмкіндік берді, соның арқасында 1 млрд теңгеден астам жыл сайынғы ілеспе шығыстар оңтайландырылды. 

Қосымша мәміле ұлттық валютада бекітілген ұзақ мерзімді қарыз есебінен қорландыру шарттарын жақсартуға және қаржыландыру құрылымын оңайлатуға мүмкіндік берді. 

 

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.