Елорда • 25 Тамыз, 2020

Елорда әкімі кәсіпкерлерге үндеу жолдады

133 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, базарлардың, фитнес-орталықтардың басшыларымен нысандардағы қатаң санитарлық нормалардың сақталуы және карантин шараларын жеңілдету туралы онлайн-кеңес өткізді, - деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда әкімі кәсіпкерлерге үндеу жолдады

Қаланың бас санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева қатаң карантин енгізілген 5 шілдеден бастап кәсіпорындардан шамамен 73 миллион теңгеге санитарлық нормаларды бұзудың 800 фактісі анықталғанын атап өтті.

«Бірқатар нысан өз жұмысын бастағалы екінші апта өтуде. Қазір біз вирустың әлі жойылмағанын түсінуіміз керек. ЖРВИ маусымы алдында коронавирусқа қатысты ахуалды қадағалау қажет. Алғашқы карантин тәжірибесіне сүйеніп, қателіктер жібермеу керек. Ол үшін нысандарда қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажет.

Бірінші. Тиісті орындарға стационарлық тепловизорлар орнату ұсынылады, бұл 30-40 келушінің дене қызуын бірден өлшеуге, адамдар ағымын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл қызметкерлердің өздерін де қорғайды – әр келген адамға жеке мән беру және температураны өлшеу қажет болмайды. Пандемия басталғалы бері біз осындай тепловизорларды қалалық емханаларға орнаттық. Сондай-ақ желдету жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажет, барлық жерде әлеуметтік қашықтық белгілері, санитайзерлер болуы керек, маскасыз кіруге тыйым салынады.

Екінші. Санитарлық нормалардың бұзылуын анықтау бойынша рейдтер тұрақты негізде жүргізіледі. Бұл шаралар қауіпсіздікті жақсартады. Рейд барысында «Артем» және «Big Шанхай» базарларында ескертулер жасалды. Оларға айыппұл салынды. Санитарлық нормаларды әкімдік үшін емес, инспекторлар үшін емес, клиенттеріңіздің, азаматтардың қауіпсіздігі үшін сақтау керек екенін есте ұстаған жөн. Енді біз COVID-19 шарттарын қабыл алып, жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүрміз. Егер әр басшы санитарлық нормалардың сақталуына жауапкершілікпен қараса, онда бүкіл ұжым да жауаптылық танытады. Бұл келушілер қауіпсіздігі де қамтамасыз етіледі деген сөз.

Үшінші. Фитнес орталықтары өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып, біз жұмыс уақытын 21: 00-ге дейін создық (бұрын 17:00-ге дейін болған). Бұл басшылықтың клиенттер ағынын уақытылы саралай алуы үшін жасалады. Сондай-ақ бір мезгілде келушілер көп болмауы және тар дәліз құрылмауы үшін басқа сауда нысандарындағы жұмыс уақытын созу жолдарын қарастырамыз», – деп түйіндеді сөзін елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Онлайн жиналыста кәсіпкерлер көтерген бірқатар мәселелер шешімін тауып, қалғаны жұмысқа алынды.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.