Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында 8 жасар қызды хлорлы салқын суға түсіріп азаптаған өгей ананың ісі сотта тағы қаралды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
ВИЧ індетін жұқтырған бүлдіршінді асырап алған әйел осы балаға зәбір көрсеткені үшін осының алдында 4 жылға сотталған болатын. Алайда, сот шешімімен келіспеген бұл азаматша аппеляциялық алқаға шағым түсірді. Осыған орай, сот отырысы қайтадан белгіленіп, бастапқы үкім өз күшінде қалдырылды. «Аппеляциялық сот алқасында Сүгіроваға қатысты қылмыстық іс қаралып, оның шағымы негізсіз деп табылды. Яғни бірінші сатыдағы сот үкімі өзгертуге жатпайды»,-деді облыстық соттың судьясы Таубай Қадырбаев.
Бақытбек Кенешұлы.