Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Арыста әлі де жарылғыш заттар табылып жатыр

664 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арыстағы 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағында, жарылыс салдарын жою барысында жанбай қалған, жарылу қаупі бар жарылғыш заттар табылуда. Ол жарылғыш заттардың құрамында кездесетін аз мөлшердегі жарылғыш заттар тасымалдауға аса қауіпті, деп хабарлайды Egemen.kz  Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Арыста әлі де жарылғыш заттар табылып жатыр

Осыған орай, Арыс әскери горнизоны аумағында тасымалдауға аса қауіпті болып табылатын жарылғыш заттарды жою жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін әскери бөлімнің техникалық аумағында арнайы орын дайындалған. Бұл арнайы орын бүкіл қауіпсіздік шараларын сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жарылғыш заттардың қалдықтарын ұшуын жоққа шығарады. Жарылғыш заттарды өртеу барысында пайда болған қауіптерді төмендетуге керекті шаралар мен арнайы құрылғылар қолданылуда. Жарылғыш заттарды өртеу кезінде тек қана дыбыстық әсер мен қара түтін болады. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ.

Жоспарға сәйкес жарылғыш заттарды жою жұмыстары күнделікті сағат 8.00 мен 13.00 аралығында болатынын хабарлаймыз.

Құрметті қала тұрғындары! Аталған іс-шаралар қаламызды қауіпті оқ-дәрілерден залалсыздандыру үшін атқарылып жатқандықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Залалсыздандыру жұмыстары қорғаныс министрлігінің арнайы мамандарының бақылауында. Қауіпке негіз жоқ. Үрейге бой алдырмаңыздар! Жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын назарларыңызға жеткіземіз.