Қоғам • 26 Тамыз, 2020

Елорда еріктілері мектеп оқушыларына тәлімдік-репетиторлық көмек көрсетуде

687 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еріктілер оқушыларға оқу үлгерімдерін жақсартуға, емтихандарға дайындалуға көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда еріктілері мектеп оқушыларына тәлімдік-репетиторлық көмек көрсетуде

Еріктілер қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың оқу үлгеріміне көмектеседі. Жоба Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынды. Аталмыш бастама еріктілер жылы аясында «Біргеміз: Білім» жалпыұлттық жобасы негізінде жүзеге асуда.

Жалпы еріктілер 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде «Біргеміз: Білім» жобасы бойынша қаладағы оқушыларды, әсіресе жоғарғы сынып оқушыларын емтиханға, ҰБТ-ға, көптеген олимпиадалық сайыстарға дайындауға көмектеседі.

Білікті мамандар ерікті қызметінде өз білімі мен тәжірибесін оқушыларға үйретеді. Олар қазақ тілі, ағылшын, информатика, физика және т.б. пәндер бойынша репетитор болады. Күніне 1-2 сағат уақыт бөліп, бір пән бойынша бір ай оқытып, дайындайды. Яғни, бір адамға 30 сағаттан кем емес уақыт жұмсалады.

«Қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды іріктеп алуға тырысамыз. Тізімді Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасымен бірлесе отырып әзірлейміз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасын іздеп, мониторинг жасап, іріктеп аламыз. Біз тек олардың оқу үлгерімінің жақсы болуын қадағалап қана қоймай, сонымен қатар 100 шақты оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен де қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Аталмыш бастама карантин жағдайында онлайн-форматта өтеді. ZOOM, Skype, Whats App, т.б. әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, тәлімдік-репетиторлық жұмыстар жүргізіледі.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.