Экология • 26 Тамыз, 2020

"Жасыл ел" жобасы аясында жүздеген мың ағаш пен көшетке күтім жасалды

618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоба бойынша биылғы еңбек маусымында елордада 1200 жас жұмысқа орналасты. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Жасыл ел" жобасы аясында жүздеген мың ағаш пен көшетке күтім жасалды

Олар 11502,2 гектар аумақты алып жатқан елорданың жасыл белдеуіне күтім жасауға қатысты. Сонымен қатар қала маңындағы 275 350 тал мен көшеттерді – сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, теректерді қопсытумен және суарумен айналысты.

"Астана Орманы" ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақыға қоса "Жасыл ел" жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақы алуда. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде маскамен, қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді.

"Жасыл ел" жобасы аясында жастар 3 санат бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға жататын балалар, 17-22 жас аралығындағы колледж, ЖОО студенттер және үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.

Кәмелетке толмағандар саябақтар мен алаңдарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Олардың жұмыс күні төрт сағаттан аспады. Екінші санаттағылар "Астана-Зеленстрой" жұмысшыларына көмектесті. Үшінші санаттағы студенттер мен қатысушылар құрылыс алаңдарында, сондай-ақ "Астана Орманы" кәсіпорнында жұмыс істеді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.