Президент • 26 Тамыз, 2020

Президент "Ұлттық ғылыми медицина орталығының" басқарма төрағасын қабылдады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық ғылыми медицина орталығы" АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент "Ұлттық ғылыми медицина орталығының" басқарма төрағасын қабылдады

Абай Байгенжин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық ғылыми медицина орталығы атқарған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады.

Басқарма төрағасының айтуынша, орталық құрылғаннан бері 174 мың адам емделіп шыққан. 81 мың азаматтың жүрегіне ота жасалған. 61,5 мың науқасқа жалпы ота жасалып, емделген. Оның 70% жаңа технологиялармен ота жасалған. Абай Байгенжин отаны жаңа технологиялармен жасау арқылы адам ағзаларын сақтап қалуға мүмкіндік бар екенін айтты. Сонымен қатар осындай ота жасаудың арқасында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілгенін жеткізді. Бұдан бөлек Ұлттық ғылыми медицина орталығы онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеп, 477 адамның құлан-таза айығып кетуіне септігін тигізген. Басқарма төрағасы пандемия кезінде коронавирус жұқтырған азаматтарды емдегендерін де атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың халық денсаулығын сақтауда үлкен жұмыс атқарып жатқанын айтып, алдағы қызметтеріне тілектестік білдірді.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.