26 Қазан, 2013

Оралдағы мұнай компаниясы 600 млн. теңге төлеуге мәжбүр болды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 10-OralБатыс Қазақстан облысындағы «Орал Ойл энд Газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қоршаған ортаны ластағаны үшін 600 млн. төлеуге мәжбүр болып отыр. Бұл туралы «Уральская неделя» газеті жазды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарламасына жүгінсек, бұрғылау жұмыстары кезінде ауаға 139 тоннадай зиянды қалдықтар тараған.Осы жағдайға байланысты жергілікті жердегі табиғат қорғау прокуратурасы сотқа шағым түсірген. Ал бұл шағымға жоғарыда аталған серіктестік басшылары қарсылық білдіріпті. Дегенмен, қоршаған ортаны ластаған серіктестікке сот 600 млн. теңгені төлеуді міндеттеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар