Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Солтүстікте 64 ата-ана жауапқа тартылды

1969 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Железин ауданында жыл басынан бастап тәртіп сақшыларымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 64 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Солтүстікте 64 ата-ана жауапқа тартылды

Железин ауданының ювеналдық полиция қызметкерлері күрделі мәселе туғызатын мекенжайларда тексерістерді күшейтті. Басты назарда – полиция есебінде тұрған көп балалы отбасылар мен ата-аналар. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары балалардың өмір сүру жағдайын тексеріп, құқық бұзушылықтар болдырмау мақсатында профилактикалық әңгімелер өткізді. Ювеналдық полиция қызметкерлерінің міндеті – жасөспірімдер тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

– Сәтсіз отбасыларды анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізіледі. Сәтсіз отбасы санатында тұрған отбасылар ұдайы бақылауда. Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, әкімшілік кодекс талаптарын жеткіземіз, – деді өз сөзінде Железин ауданы ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы Алмагүл Балтабаева.

Жыл басынан бастап тәртіп сақшыларымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 64 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бала тәрбиесінде өз міндетін атқармағаны үшін тоғыз ата-ана жауапқа тартылған. Бес сәтсіз отбасы есепке қойылған.

 

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.