10 Сәуір, 2010

ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ АХУАЛ АЛАҢДАТАДЫ

548 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түрік тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшылары Қыр­ғыз­стан­дағы жағдайды талқылап, бұл елде тұрақтылық пен құ­қықтық тәртіптің тезірек қалпына келеріне деген үміттерін білдірді. Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жай-күйі мен келешегі жөнінде сөз болды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Абдолла Гүлдің Қазақ­станға жасайтын сапарының ма­ңыз­дылығы атап өтілді. Вашинг­тонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит шең­берінде Нұрсұлтан Назарбаев­тың Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуі жоспарланған.