Аймақтар • 26 Тамыз, 2020

Қостанай облысында мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  "Жаңа жаһандық нақты ахуалда Қостанай облысының білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағдарлар" атты тақырыпты арқау еткен тамыз кеңесіне облыс қалалары мен аудандарының әкімдері,  жоғарғы оқу орындарының ректорлары, білім бөлімдерінің басшылары, білім беру мекемелерінің директорлары мен ұстаздар қауымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында мұғалімдердің тамыз конференциясы өтті

Пленарлық отырыс барысында білім саласын дамытудың стратегиялық бағыттары сөз болып, өткен жылғы жұмыс қорытындысы  шығарылды.

Бүгінде өңірде 490 мектеп жұмыс істейді. 109,1 мың оқушы,  13 мың мұғалім бар. Жиында жаңа оқу жылындағы білім беру үдерісі елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай ескеріле отырып, бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылатыны айтылды.

Биыл штаттық режімде оқытатын жалпы саны 15 мың оқушысы бар 268 ауылдық шағын жинақты мектеп анықталды. Жалпы саны  94 мың оқушы оқитын қалған 222 мектепте оқу үдерісі қашықтан ұйымдастырылатын болады.

6

Штаттық режимде жұмыс істейтін мектептерде тиісті санитарлық шаралардың іске асыру үшін облыстық бюджеттен 30,5 млн. теңге бөлінді.

Тамыз кеңесінде бірқатар білім беру қызметкерлері марапатталады. Биыл 300-ге жуық педагог жоғары марапаттарға ие болды. 7 мұғалім «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атанса, 8 мұғалім білім беру қызметкері «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгілерімен марапатталады.

 

Қостанай облысы