Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, тұрақты жұмыс орындарының басым бөлігі, яғни 3426-сы ауыл шаруашылығына және 4110-ы құрылыс саласына тиесілі. Төтенше жағдай режимі кезінде де егіс алқаптары мен құрылыс алаңдарында жұмыс тоқтаусыз жүріп жатты. Сондықтан жұмыспен қамтуда осы екі саланың алда болуы заңды. Сонымен қатар өнеркәсіпте - 674, көлік және логистика саласында - 2, сауда саласында - 980, білім беру ісінде - 577, денсаулық сақтауда - 503, экономиканың басқа да салаларында 5355 жұмыс орны құрылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы жұмыссыздықпен күресте игі ықпалын тигізіп отыр. Аталмыш бағдарлама шеңберінде осы жылдың жеті айында Алматы облысында нақты 38 726 жұмыс орны құрылды. Жалпы жылдық жоспар 46 116 болғанын ескерсек, жоспар 84% орындалған. Соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде - 22612, жеке бастамалар бойынша – 16114 жұмыс орны құрылды, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 21:44
«Егеменнің елдік жолы»: Бас басылымның 105 жылдығы аталып өтті
Форум • Бүгін, 21:37
«Кәсібінің үздігі» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Медицина • Бүгін, 20:25
Президент тапсырмасы: жас ғалымдарға пәтер сертификаттары табысталды
Қоғам • Бүгін, 19:35
Елорданың «Байқоңыр» ауданында ауқымды мұз айдыны ашылды
Елорда • Бүгін, 19:30
Президент Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 19:18