Үміткерлерді ұсынатын және тіркейтін бірінші кезең 17 тамызда басталды. Осы кезде қазірге дейін білім және ғылым саласының өкілдері ең белсенді болып, олардан 270-тен астам өтінім келіп түсті. Партияішілік іріктеу үшін құжат тапсырушылар арасында 35 жасқа дейінгі жастар шамамен 30% құрайды.
«Праймеризге қатысушылардың 40% - әйелдер. Жас мөлшері бойынша 35-тен 50 жасқа дейінгі өтінім берушілердің үлесі 42%. Қатысушылардың 270-і білім беру, 70-і шағын және орта бизнес, 52-і ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері. Үміткерлер қатарында қызмет көрсету, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласының өкілдері де бар», - дейді «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.
Депутат болуға өңірдің 8 көпбалалы аналары да ниет білдірді. Олардың арасында Жамбыл ауданының тұрғыны Сәуле Сұрағанова бар. Әйелдің айтуына қарағанда ол отбасылардың мүдделерін алға тартқысы келеді. Бес баланың анасы өзекті мәселелер туралы жақсы біледі, өйткені ол әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді. «Менің ұсынысымның мақсаты – халықтың, оның ішінде көп балалы отбасылардың мүдделерін қорғау. Сессияларда аудандардың өзекті мәселелерін көтеру үшін, облыстық мәслихатқа барғым келеді. Бұл халықтың өмірін жақсарту үшін маңызды», - деді үміткер.
Жастар өкілдері де жаңа идеяларымен праймеризге қатысуда. Мысалы, студент Зәмзәгүл Жұматова Петропавлдағы «Жұмысшы кентінің» мәселелерін шешуге үміттенеді.
Солтүстік Қазақстан облысы