Парламент • 26 Тамыз, 2020

Көші-қон полициясы төтенше жағдай кезінде шетелдіктердің елде болу тәртібін белгілеуді ұсынды

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Қостанай облысының тұрғындарымен және басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көші-қон полициясы төтенше жағдай кезінде шетелдіктердің елде болу тәртібін белгілеуді ұсынды

Сенатор өңірдегі жедел басқару орталығында болды. ЖБО бастығының айтуынша, жыл басынан бері "102" пультіне 100 мыңнан астам дабыл қоңырауы түскен. Басты міндеттердің бірі қылмыстарға дер кезінде ден қою және ашу болып қала береді. Ағымдағы жылдың басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 66 қылмыс ашылып, 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары 2017 жылдан бастап өңірде 39 "Автоураган" аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылып, жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл кешендер автожолдардың ең көп жүретін учаскелеріне кіру және шығу жолдарында орнатылған және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты режимде тіркеуге мүмкіндік береді. Жыл
басынан бері "Автоурагандардың" көмегімен 8 қылмыс ашылып, 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. 

Сенатор карантин және енгізілген шектеулер кезеңінде азаматтардың құқықтарын қорғау, құқық қорғау жүйесін жаңғырту, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық заңнаманы реформалау мәселелерін қозғады. Владимир Волков заң шығару саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударды. 

Облыстық полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы сенаторға төтенше жағдай режимі кезінде шетелдіктердің елде болу тәртібін заңнамалық деңгейде реттеу туралы ұсыныс жасады. 

"Қазіргі жағдай Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңына және төтенше жағдай режимі жағдайында шетел азаматтарының елде болу тәртібін реттеу мәселелері бойынша бірқатар басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді талап етеді. Бұл осындай күтпеген жағдайлар туындаған кезде шетелдік азаматтардың көз алдында тәуекелдерді болдырмау үшін және біздің еліміздің имиджі мен тартымдылығын сақтау үшін маңызды", деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы.

Өз кезегінде сенатор бұл ұсынысты Сенаттың профилді комитетінің алдағы отырыстарының шеңберінде талқылауға уәде берді.