Оқиға • 27 Тамыз, 2020

Ұсыныстар мен пікірлер ескеріледі

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жос­пары аясында Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн форматта өткізілді.

Ұсыныстар мен пікірлер ескеріледі

Шараға Орфографиялық жұ­мыс тобы мүшелері, Білім жә­не ғылым министрлігі Ғылым ко­митеті төрағасының орынбасарлары Болат Кеңесов пен Азамат Рысжанов және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Мәдениет және спорт вице-ми­нистрі, Орфографиялық жұ­мыс то­бының төрағасы Н.Дәуе­шов жаңа әліпбиді енгізу және осыған сәйкес емле ережелерін жасау мәселелері тө­ңірегінде кіріс­пе сөз сөйледі.

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының дирек­торы, филология ғылымда­рының кандидаты А.Фазыл­жанова жа­ңа әліпби негізінде қазақ тілі­нің емле ережелері жо­басына орфо­графиялық топ мү­шелері мен тә­уелсіз сарап­шы­лардың қоры­тынды сараптамасы бойынша баяндама жасады.

Баяндамашы жұмыс тобы мүшелері және тәуелсіз сарап­шы­лар тарапынан айтылған сын-пікірлерге ғылыми түрде дә­йек­ті жауап беріп, орынды ұсы­ныс­тардың ескерілетінін атап өтті. Емле ережелері мейілінше екшеліп, ғалымдар сүзгісінен сан мәрте өткізіліп отырған се­бебі – оның көпшілік тұтынуға ың­ғайлы болуын қадағалау екенін жеткізді.

Басқосу барысында орфо­графиялық жұмыс тобы мүше­лері және тәуелсіз сарапшы­лар­дың емле ережелері бойын­ша берген ұсы­ныс-пікірлері кең түрде тал­қыланып, емле ере­желер бо­йынша айтылған ұсы­ныстар мен пікірлерді ескеру және латын­негізді әліпби бо­йын­ша пер­не-т­ақ­та жобасын әлі де пысықтау қа­жет деген шешім қабылданды.