Мұндай акция, әсіресе, жұмысбасты жүргізушілер үшін қолайлы болып тұр. Мәселен, қостанайлық Сергей Рогожин жүк көлігін жүргізеді. Ол осыдан бір ай бұрын көлігі есептен шығарып, қайта тіркепті. Бірақ бұл туралы мәлімет техникалық себептерге байланысты ортақ ақпараттық базаға енбей қалған.
- Таяуда жол полициясы тоқтатып, құжаттарымды тексеріп еді, көлігімнің тіркеуде тұрғаны туралы мәлімет базада жоқ болып шықты. Бүгін «Жолда қабылдау» деген жазуды кездейсоқ көріп қалып, жағдайды түсіндіріп едім, мәселем бір-ақ минутта шешілді. Осындай қарапайым халыққа пайдасы тиетін шараларды жиі ұйымдастырса, полицияның да беделі артады, - деді жүргізуші.
«Жолда қабылдау» акциясы - ай сайын өткізілетін дәстүрлі шара. Акция аясында полицияға интернет желілері арқылы да сауал жолдау мүмкіндігі қарастырылған.
- Бұл жолы облыстық полиция департаментінің ведомстволық желілері арқылы тұрғындардан 20-дан астам сұрақ келіп түсті, - деді әкімшілік полиция бастығының орынбасары Асқар Наратауов.