Тағайындау • 27 Тамыз, 2020

Қайрат Айтуғанов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

940 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ Директорлар Кеңесімен "Қазақ агротехникалық университеті" КеАҚ Басқарма Төрағасы лауазымына Айтуғанов Қайрат Қапарұлы тағайындалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Қайрат Айтуғанов С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма Төрағасы болып тағайындалды

Айтуғанов Қайрат Қапарұлы 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдап, агроном ғалым біліктілігін алды. 2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "инженер – экономист" біліктілігі бойынша бітірген.

1990 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының күндізгі аспирантурасын бітірді.

Экономика ғылымдарының  докторы.

Еңбек жолын 1984 жылы топырақтану кафедрасының ассистенті қызметінен бастады. 1985-1986 жылдары КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті. Әскери атағы-аға лейтенант.

1987-1989 жылдар аралығында агроном, аға агроном-тұқым өсіруші, кеңшардың бас экономисі болып жұмыс істеді.

1990 жылдан 1992 жылдың қыркүйегіне дейін Қызылту аудандық агроөнеркәсіп бірлестігі төрағасының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары және Көкшетау облысы аудандық әкімшілігінің аудандық жоспарының төрағасы қызметтерін атқарды.

1992 жылдың қыркүйегінен 1996 жылдың қазанына дейін коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

1996-2005 жылдары Көкшетау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, Солтүстік Қазақстан облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бөлім бастығы, Астана қаласындағы "Ақмола Электржелілік Тарату Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы, Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (Дүниежүзілік банк) "Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау" жобасын басқарды.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2011 жылдың шілдесі аралығында Шымкент қаласындағы "Оңтүстік" ӘКК "ұлттық компаниясы" АҚ қаржы директоры, орынбасары, бірінші орынбасары, Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеді.

2012 жылдың шілдесінен 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің басқарма орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың 27 тамызынан – "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ Басқарма Төрағасы.

"Құрмет" орденімен және 5 медальмен марапатталған.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ірі университет. Бүгінгі таңда университетте 1547 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 850 оқытушы, 12 мыңға жуық студент, магистранттар мен докторанттар білім алуда.

Университет отандық жоғары білім беру көшбасшыларының бірі болып табылады. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601 +қатарына кірді,  қазақстандық сегіз ЖОО арасында, жыл сайын Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings: EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

2018 жылы ҚР сұранысқа ие  жоғары оқу орындары арасындағы Ұлттық рейтингіде КАТУ Қазақстанның үздік 20 жоғары оқу орнының қатарына кіріп, 4 орын алды, 2019 жылы 3 орын, ал 2020 жылы көрсеткіштер 2 орынға дейін жақсарды. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламаларының рейтингінде 2019 жылы аграрлық ЖОО арасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 1 орынды иеленді.

2019 жылғы қаңтарда AgroParisTech және Agreenium (Франция) – мен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды және магистратура мен бакалавриаттың 3 бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, 2020 жылдан бастап олардың оқытылуы басталады.

Шетелдік әріптестермен, атап айтқанда Дэвис қаласындағы (АҚШ) Калифорния университетімен бірлесіп, КАТУ-ды ҚР Ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне трансформациялау бағдарламасы әзірленді. Бүгінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен зерттеу университеті құрылып, білім алушылардың  ғылыми және практикалық зерттеулерін жүргізуі үшін университет құрамына А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы еніп, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты бар.

Университет жүйесінде  заманауи материалдық-техникалық база, заманауи ғылыми зертханалар бар, 9 технологиялық платформа, ауыл шаруашылығына бағытталған жалпы аумағы 31 964 гектарды құрайтын жер бар.